386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Баландин жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

  • 178
Дмитрий Баландин жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық Дмитрий Баландин жүзуден Кванджуда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен жартылай финалдық бәсекеде Баландин алтыншы орын иеленді. Ал жартылай финалға жолдама беретін іріктеу сынында қазақстандық спортшы 13-нәтиже көрсеткен болатын.

Жартылай финалда Баландиннің басты қарсыластары түгелдей сынға түсті. Атап айтар болсақ, осы қашықтықтағы әлем рекордшысы әрі олимпиада чемпионы ұлыбританиялық Адам Пити мен іріктеу сынында үшінші орын алған жапониялық Ясухиро Косеки біздің спортшыға басты қарсылас атанды.

Дмитрий өз тобында 59.03 уақыт көрсеткішімен төртінші орыннан көрінді. Ал жартылай финалдағы жалпы есеп бойынша алтыншы орынға табан тіреп, үздік сегіздік сынға түсетін финалға жолдама алды.

Ертең өтетін финалдық бәсекеде Дмитрий Баландин, Адам Пити (Ұлыбритания), Ясухиро Косеки (Жапония), Антон Чупков (Ресей), Ян Забей (Қытай), Эндрю Уилсон (АҚШ), Кирилл Пригода (Ресей) сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы