386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин - Деревянченко жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

  • 190
  • UPD: 12:04, 02.08.2019
Головкин - Деревянченко жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін prosports.kz

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкиннің тараптары келісімге келсе, IBF титулын сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді.

«Жекпе-жек 5 қазан күні Нью – Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» өтуі мүмкін», - деп жазды Коппинджер өзінің Твиттер-парақшасында.

Еске сала кетелік, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылған болатын.

Енді бос атақ үшін Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен тартысқа түседі деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы