386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық таэквондошы қыз Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанды

  • 182
Қазақстандық таэквондошы қыз Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанды prosports.kz

Ташкентте таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

37 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық таэквондошы қыз қола жүлдені қоржынға салды.

Жалпы турнир қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасына 3 медаль бұйырды. Айша Әділбекқызы күміспен күптелсе, Айдана Сүндетбай мен Әсел Әбубәкір үшінші орын иеленді.

Хабар 24 телеарнасы