385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова құрлықтық қауымдастық комиссиясының мүшесі атанды

  • 89
Ольга Рыпакова құрлықтық қауымдастық комиссиясының мүшесі атанды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Азия құрлықтық спортшылар қауымдастығының комиссиясына мүше болды.

Бұл туралы қазақстандық федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Комиссия құрамына төмендегі тұлғалар енген:

Жетекші – Андрей Абдувалиев (Өзбекстан) Ван Ю (Қытай), П.Т.Уша (Үндістан), Ольга Рыпакова (Қазақстан), Ли Хуп Вэй (Малайзия), Саад Шаддад (Сауд Арабиясы). 

Азия қауымдастығының төрағасы Дахлан Әл-Хамад спортшыны жаңа қызметімен құттықтаған. 

Бүгінде құрлықтық қауымдастық құрамына екі қазақстандық енген. 15 шілде күні өткен жиында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков жарыстарды өткізу жөніндегі комиссия мүшесі атанған болатын. 

Ақпарат көзі: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы