386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

  • 113
  • UPD: 16:54, 15.08.2019
Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрам 90 пайыз белгілі,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Бұл күндері Сочи қаласында Ресей, Венгрия, Эстония және Финляндия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық жақсы қарқынмен басталды. Әлемдік сын қарсаңындағы соңғы жиынды елде өткіземіз. Нұр-Сұлтандағы әлемдік сынға қатысатын құрам 90 пайыз анықталды. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатынын шешкен жоқпыз. Осы жиыннан соң нақты белгілі болады», –  деді бас бапкер. 

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

50 келі: Валентина Исламова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Мадина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова

76 келі: Эльмира Сыздықова

Хабар 24 телеарнасы