386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық атлет Польшадағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

  • 97
Қазақстандық атлет Польшадағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды olympic.kz

Польшада жеңіп атлетикадан Веслав Манякты еске алуға арналған ірі халықаралық турнир өтті. Аталған сында Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Литвин 400 метрге жүгіруден екінші орын иеленді. Ол 46.21 секундта аталған қашықтықты жүгіріп өткен. Бірінші орында Ұлыбритания өкілі Юсиф Раба иеленді (45.98). Үшінші орында Дариуш Ковалюк (Польша).

Айта кетелік, Литвин 18 тамыз күні Люксембургте өтетін халықаралық сынға қатысады. 

Хабар 24 телеарнасы