387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі спорт саласының үздіктері марапатталды

  • 187
  • UPD: 18:00, 16.08.2019

Отандық спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар бүгін арнайы төсбелгімен марапатталды.

Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігі 30 адамға ерекше құрмет көрсетті. Олардың арасында  спорт ардагерлері мен саладағы қайраткерлер де бар. Негізі спорт мерекесі алдағы жексенбі күні тойланады. Ал ертең «Сарыарқа» велотрегінде құзіретті министрлік мекемелері қызметкерлері арасында спартакиада өтеді.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Біздің жас кезімізде омындай жағдай болған жоқ. Қазір спорт ғимараттары салынып жатыр. Спорт мектептері ашылып жатыр. Үкіметтен барлық жағдай қарастырылған. Ал, спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, отандық спортты көтеру керек.

 

Хабар 24 телеарнасы