386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Балапан» арнасының тележүргізушісін еске алуға арналған веложарыс өтті

  • 137
«Балапан» арнасының тележүргізушісін еске алуға арналған веложарыс өтті

Елорданың жасөспірімдері арасында Бағлан Құтжанды еске алуға арналған веложарыс өтті.

Бұл бәсекеге спортпен кәсіби шұғылданып жүрген 70-ке жуық бала қатысты. Біріншілікке қатысушылар екі топқа бөлінген. Жарыс жолына әуелі 13-14 жастағы, кейін одан кіші өрендер шықты. Велоспорттан талай жарыста топ жарған Бағлан мамыр айында кезекті жаттығуы кезінде жүк көлігінің астына түсіп қаза тапқан еді. Көпшілік оны «Балапан» арнасының тележүргізушісі ретінде жақсы танитын.

Хабар 24 телеарнасы