389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Ахмедов Головкин - Деревянченко кешінде жұдырықтасады

  • 388
  • UPD: 17:13, 28.08.2019
Әли Ахмедов Головкин - Деревянченко кешінде жұдырықтасады prosports.kz

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин – Сергей Деревянченко жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы боксшының өзі Instagram жазды.

«Танымал Madison Square Garden-нің шаршы алаңына оралатыныма және Геннадий Головкиннің бокс кешіне қатысатыныма қуаныштымын. 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында жолығамыз!», – деп жазды Ахмедов.

Әли Ахмедов мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 8 маусым күні өткен соңғы кездесуінде америкалық Маркус МакДэниэлді жеңіп, екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуін иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы