386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық таэквондошылар Болгариядан 11 медаль жеңіп әкелді

  • 157
  • UPD: 23:31, 03.09.2019
Қарағандылық таэквондошылар Болгариядан 11 медаль жеңіп әкелді

ITF xалықаралық чемпионаттан қарағандылық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальдармен оралды.

Әлемнің 84 елінен келген 2000 спортшы Болгарияда бақ сынасты.  Биыл алғаш рет  жасөспірімдермен қатар, ересектер мен ардагерлер жекпе-жекке шықты. Аталған үш категориядан да қарағандылық спортшылар жүлдемен оралды.

Валерий Когай, ҚР Еңбек сіңірген бапкері:

- Қазақстан құрамасын 55 спортшы құрады. Соның ішіндегі 30-ы қарағандылықтар. Медальдардың көпшілігін қарағандылық спортшылар иеленді. Соңғы 5 жыл ішінде 2 әлем чемпионаттан жүлделі орын алып келгендігімізден сайыс ұтымды өтті десек те артық емес.  

Максим Фу, ITF таэквондо бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы:

- Өзімнің жартылай финалдық жекпе жегімді атап өтсем болады. Қарсыласым аты әлемге әйгілі Ресей спортшысы болды. Ең ауыр жекпе-жек өткіздім. Мен ол сынақты өткеннен кейін іштей жеңілдік сезіндім, сол себепті финалдық жекпе-жекке сенімді өттім.

Хабар 24 телеарнасы