387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Astana Marathon-2019 өтіп жатыр

  • 211
  • UPD: 09:36, 08.09.2019

Дәл қазір Елордада Астана Марафон 2019 спорттық шарасы өтіп жатыр. Қатысушылар 42 және 10 шақырым қашықтық бойынша өз бақтарын сынап көрмек.

Күннің суығына қарамастан мыңдаған үміткер жарыс жолына шықты. 

Қазір ауа температурасы 10 градустың шамасында. Күнің салқын екеніне қарамастан 4 мыңнан астам адам жарыс жолына шықты. Олардың арасында  мемлекеттік қызметшілер, тіпті бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов те бар. Жалпы ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл марафонға қатысуға ниет білдіріп, тіркелгендердің саны 5 мыңнан асыпты. Шамасын байқап көрмек болғандардың арасында шетелдіктер де аз емес. Нақтырақ айтсақ, астанамызға 27 елдің азаматы марафонға қатысу үшін арнайы келіпті. Тіпті Жаңа Зеландия, Филиппин, Колумбия, Нигерия сияқты шалғайдағы мемлекеттердің өкілдері қазір Нұр-Сұлтан көшелерінде жүгіріп бара жатыр. Олар шара барысында қаламен танысуға мүмкіндік алады. Олай дейтініміз, жарыс жолы Бәйтерек монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті, «Астана Арена» сияқты нысандардың жанынан өтеді. Жарыстың 1 сағат бұрын басталды. Жалпы қатысушыларға берілген уақыт - 6 сағат. Оларға әрбір 5 шақырым сайын су мен арнайы сусын ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы