389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эльмира Сыздықова Токио олимпиадасына жолдама ұтып алды

  • 242
  • UPD: 17:29, 19.09.2019
Эльмира Сыздықова Токио олимпиадасына жолдама ұтып алды

Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті.

Әйелдер күресінен 76 келінің өкілі Эльмира Сыздықова Токио ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сыздықова бірінші айналымда америкалық Аделина Грейгтен ұтылған болатын. Қарсыласы финалға жеткен жерлесіміз бүгін екі жұбаныш белдесуін өткізіп, жеңіске жетті.  Сыздықова алдымен италиялық қарсыласын 10:0 есебімен ұтса, кейін Қытайлық Тайпей өкілінен 11:6 есебімен басым түсті. Осылайша әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Бүгін 18:00-де қола медаль үшін кездесулер басталады. Сыздықова германиялық спортшымен белдеседі. 

Айта кетелік, бұл – балуан қыздарымыз иеленген екінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін 50 келі салмақтағы Валентина Исламова турнирдің қола жүлдегері атанып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізген болатын. Ол ширек финалда Түркиядан келген қарсыласы Э.Демирханды жеңді. 

Сыздықовадан бөлек 65 келідегі Айна Теміртасова да алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуанын таза жеңіп, тағы бір жұбаныш белдесуін өткізуге мүмкіндік алды. 

Хабар 24 телеарнасы