389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары Щучинск қаласындағы әскери нысандарды аралады

  • 258
  • UPD: 08:14, 21.09.2019
Сенат депутаттары Щучинск қаласындағы әскери нысандарды аралады

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде теңдесі жоқ оқу орны.

Алайда, оны еліміздегі көптеген ата-аналар біле бермейді. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Парламент Сенатының депутаттары аталған білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, оның жабдықталуына оң баға берді. Мұнан соң депутаттар тобы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Мұнда биыл Көкшетау техникалық институтының оқу орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Сенаторлар құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз оқу ордасына да бас сұқты. Мұнда қазір 500-ге жуық курсант білім алып жатыр. Институтқа мемлекет тарапынан жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ал, бұл көрсеткіш бұрын 900 млн теңге болатын. Бұл да депутаттардың көтеруімен шешілген мәселе. Енді білім ордасы оқу корпусы мен жатақхана салсақ, - деп отыр. Алайда, оған 5 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Осы және өзге де мәселелер Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында талқыланды.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл енді осы институттың және министрліктің құзырындағы жұмыс. Бұл әлі де шешімін таппай келе жатқан былтырғы көшпелі жиналыста көтерілген мәселе. Бірақ менің ойымша, ІІМ-нің реформалау жұмыстарында бұл міндетті түрде қаралатын дүние.

Хабар 24 телеарнасы