389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділ Марлен дзюдодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

  • 371
  • UPD: 09:34, 27.09.2019
Әділ Марлен дзюдодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы  әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың екінші күні Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Бұл жолы 60 келі салмақта Әділ Марленнің бағы жанды. Олай дейтініміз үшінші орын үшін болған белдесуде  жерлесі әрі досы Нұрсұлтан Зайзағалиевтан ұтылып жатқан Марлен кенеттен олжалы болды. Яғни белдесудің аяқталуына 1 минуттай қалғанда Нұрсұлтан өрескел қателік жіберіп, дзюдо ережесін сақтамағаны үшін жарыстан шеттетілді. Сөйтіп, Зайзағалиев қолда тұрған қола жүлдесін уыстан шығарып алды.

Әділ Марлен, Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері:

- Алтын алуға болатын еді. Қолда тұрған алтынды жіберіп алдық. Өзімізден көреміз енді.  Дайындаламыз әлі де. Келесі әлем чемпионатына қатысуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы