389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаевты» жеңді

  • 237
  • UPD: 23:13, 09.10.2019
«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаевты» жеңді

Елордалық «Барыс» хоккей командасы сырт алаңда «Салават Юлаев» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уфа қаласында өткен ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. 

«Барыс» сапынан Даррен Диц пен Кертис Волк шайба соқты.

Андрея Скабелка шәкірттері жаңа маусымды сәтті бастай алған жоқ. Алғашқы 6 ойынның үшеуінде жеңіліп қалды. Бірақ көш жүре түзеліп келеді. Елордалықтардың қазіргі қадамы жаман емес. 

«Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) - «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 - Диц (Михайлис, Тангрэйди) 11:42

1:1 – Маннинен (Умарк) 34:42

1:2 – Волк (Диц, Михайлис) 44:18 ГБ

Қақпашылар: Метсола - Паскуале

Хабар 24 телеарнасы