388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Алматыға келді

  • 216
  • UPD: 10:03, 20.10.2019
Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Алматыға келді

Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Ингмар де Вос Алматыға келді.

Қазақ жеріне алғаш рет аялдаған мәртебелі мейман біздің спорттағы жетістіктеріміз жайлы құлағдар екенін жеткізді. Ал журналистермен болған кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей ат спорты қауымдастықтары екі жақты келісімге қол қойды. Болашақта бұл келісім екі елдің спортшыларына тәжірибе алмасу үшін және халықаралық жарыстарға қатысуларына сеп болады. Ингмар де Вос Алматы және Алматы облысындағы  ат спорты клубтарын аралады. Жалпы елімізде олимпиада бағдарламасына енетін ат спортының үш түрі жақсы дамыған. Спортшыларымыз халықаралық деңгейдегі талай жарыста топ жарды. Дегенмен олимпиада ойындарына жолдама алу оңай шаруа емес. Өйткені аймақта ірі жарыстар өте сирек өтеді. 

Ингмар Де Вос, халықаралық ат спорты федерациясының президенті:

- Біз өз тарапымыздан Қазақстанда ат спортының дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Федерацияның даму бағдарламасы аясында бапкерлер мен жаттықтырушыларға арнайы семинар өткіземіз.Қазіргі таңда Олимпиада ойындарына берілер жолдама саны арта түсті. Осы мүмкіндікті Қазақстан тиімді пайдаланады деген ойдамын. 

Әсет Толқымбеков, ҚР ат спорты бойынша бас жаттықтырушы:

- Қазір біз бірінші кезекте шетелдік төрешілермен бірлесе жұмыс істеуді бастаймыз. Өйткені төреші мәселесі бізде қиындау болып тұр. Және өзіміздің әуесқой төрешілердің дәрежесін көтеруді қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы