387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мен оралам» – Ковалев жекпе-жектен кейін пікір білдірді

  • 173
  • UPD: 09:14, 04.11.2019
«Мен оралам» – Ковалев жекпе-жектен кейін пікір білдірді prosports.kz

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр.

Жекпе-жектен кейін Сергей Ковалев пікір білдірді.

«Бұл да бір тәжірибе болды. Альварес - ұлы чемпион. Алдыңғы жекпе-жектен кейін толық қалпыма келе алмадым, дегенмен бәрі жақсы өтті. «Канело» - сыйлауға тұрарлық тұлға. Ол тарихта атын қалдырды. Қолдауларыңызға рақмет! Бапкерім джебті көп қолдан деген еді, алайда маған төзімділік жетпеді. Бәрі жақсы. Мен ораламын. Мен титулдарды біріктіре алатыныма сенемін. Біріккен жекпе-жек өткізгім де келеді, бірақ жартылай ауыр салмақта менімен ешкім жұдырықтасқысы келмейді».

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы