388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бадминтоннан халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 124
Оралда бадминтоннан халықаралық турнир өтіп жатыр

 

Төрт күнге созылатын жарысқа Германия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Чехия және Польша секілді әлемнің 15 елінен 100-ге тарта спортшы келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үшінші мәрте жалауын көтерген халықаралық турнир Орталық Азияда алғаш ұйымдастырылып отыр. Бадминтоншылар бұл байрақты бәсекеге үлкен дайындықпен келген. Өйткені спортшылар осы сайыста жинаған ұпайлары есебінен келер жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына жолдама алады. Қазақстан құрамасы сапында еліміздің әр өңірінен іріктелген 35 спортшы  бар.

Томохару Сано, жарыстың бас төрешісі /Жапония/

– Жарыстың ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде. Қазір Қазақстанда спорттың бұл түрі даму үстінде деп есептеймін. Ал Жапонияда бадминтоншылар жеңіс тұғырынан жиі көрініп, бұл салада жетекші мемлекеттердің біріне айналғаны рас.

Хабар 24 телеарнасы