Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Оның нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті. Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика). Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де тоқтатылды. Қорытындыға сәйкес, 42,50 пайызбен Ғұсман Қырғызбаев үздік атанды. Андрей Чугай 42,14 пайызбен екінші орынға жайғасты. Ал 7,92 пайыз дауыс жинаған Милана Сафронова үшінші орынға ие болды.