384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб: Жекпе-жектен бұрынғыдай ләззат алмаймын

  • 222
Хабиб: Жекпе-жектен бұрынғыдай ләззат алмаймын

Ресейдегі танымал гимназиялардың біріне барып, ондағы оқушылармен жүздескен Хабиб Нурмагомедов өзінің жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы соңғы өткізген жекпе-жектерінің ешқандай ләззат сыйламағандығы туралы баяндады.

«Кейінгі кездерде спорттан да маңызды нәрселердің бар екенін ұғындым. Соңғы өткізген кездесулерімнің ішінде біреуіне ғана көңілім толады. Қалған жекпе-жектерде еш рахатқа бөленбедім», – деді спортшы.

Хабар 24 телеарнасы