384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Федерер Джоковичті жеңді

  • 152
Теннис: Федерер Джоковичті жеңді Eurosport

Роджер Федерер жылдың қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты.

38 жастағы теннисші Новак Джоковичтің осал тұсын тапты. 1 сағат 14 минутқа созылған матч 6:4, 6:3 есебімен швейцариялық жігіттің пайдасына аяқталды. Бұл кездесу әлемдік рейтингке де әсер етті. Егер сербиялық теннисші жеңіске жетсе, биылғы жылды бірінші ракетка болып аяқтауы мүмкін еді. Енді Рафаэль Надаль әлемдік рейтингте бірінші орынды жыл соңына дейін сақтап қалады. Ұтыс қоры 9 млн долларды құрайтын қорытынды турнирдің жартылай финалына Доминик Тим мен Стефанос Циципас та шықты. Бүгін грек жігіті Рафаэль Надальмен кездеседі. Екі теннисшінің бірі Роджер Федерермен жартылай финалда сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы