375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Дэвис кубогы басталды

  • 455
Теннис: Дэвис кубогы басталды

Бүгін Испания астанасы Мадридте теннистен Дэвис кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің үздік 18 құрамасы арасындағы айтулы сынға Қазақстан командасы да қатысады. Диас Досқараев бастаған отандық теннисшілер Мадридке апта бұрын келіп, оқу-жаттығу жиындары өткізді. Қазақстан биылдан бастап, жаңа жүйемен өтетін бәсекенің топтық кезеңінде Нидерланды және Ұлыбритания теннисшілерімен кортқа шығады. Еліміздің атынан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Александр Недовесов және Дмитрий Попко мен Андрей Голубев сынға түседі. Қазақстан ертең алғашқы кездесуін қызғалдақты елдің теннисшілермен өткізеді. Сосын 21 қарашада Энди Маррей бастаған Британия құрамасымен ойнайды. Өз тобында жеңіске жеткен команда ширек финалға жолдама алады. Дэвис кубогының иегері 24 қарашада белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы