412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Исламхан «Қайраттан» кетті

  • 651
  • UPD: 07:55, 07.12.2019
Бауыржан Исламхан «Қайраттан» кетті

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан мансабын шетелде жалғастырады екен.

Қазақстандық футболшының қай клубтың намысын қорғайтыны әлі белгісіз. Исламханға Ресей Премьер-лигасынан және Польшадан ұсыныс түскенін жазған болатынбыз.

Исламхан «Қайрат» қатарына 2014 жылы 21 жасында қосылды. Алты жыл ішінде «Батори» алматылық клуб сапында 197 матч өткізіп, 56 гол соққан. 

Бауыржан «сары-қаралармен» бірге  бес рет ҚПЛ-дың күміс, бір рет қола жүлдегері атанған, төрт рет ел Кубогін және екі ел Суперкубогін ұтып алған. 2014 және 2016 жылдары Исламхан Қазақстанның ең үздік футболшысы атағына ие болды.

Transfermarkt порталы Исламханды 2,4 млн еуроға бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы