376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Ресей спортының тағдыры шешіледі

  • 241
Бүгін Ресей спортының тағдыры шешіледі

Каратэ-киокушинкайдан әлем чемпионаты аяқталды

Елордада каратэден әлем чемпионаты өтті. Киокушин мен шинкио-кушкин бағытының мықтыларын жинаған біріншілікке дүниежүзінің 50 елінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Жекпе-жек шеберлері 15 салмақта кім мықтыны анықтады. Қазақстан жарыс қожайыны ретінде 30 спортшыны бәсекеге қосып, кем дегенде төрт алтын алуды көздеген еді. Алайда ұлттық құраманың қыз-жігіттері үш алтын, екі күміс, 10 қоламен тоқтады. Әлемгүл Сабырхан мен Людмила Устюгова және Владимир Артюшин каратэден әлем чемпионы атанды. Еркебұлан Бейсембаев пен Екатерина Гурова финалда сүрініп, дүниежүзілік біріншілікті екінші орынмен аяқтады. Екеуі де шешуші сында ресейлік спортшыларға есе жіберді. Ал, Эльнара Тоғызбаева, Ажар Жақсыбаева, Иоанна Белых және Елизавета Липова мен Лидия Бочина қола медальға қол созды. Ерлер арасында Темірлан Жәнібек, Нұрлыхан Сәдуақасов, Мерей Сүйінов және Никита Гарас пен Артур Коваленко үшінші орынға ие болды.   

Бүгін Ресей спортының тағдыры шешіледі

Бүгін Ресей спортының тағдыры шешіледі. Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің атқарушы комитеті орыс атлеттеріне қатысты соңғы шешімін айтады. Бұған дейін аталған ұйымның мамандары Ресейді төрт жылға олимпиада ойындарынан шеттету туралы бастама көтерген болатын. Егер бұл талап орындалса, орыс елінің спортшылары алдағы Токио олимпиадасы мен 2022 жылғы қысқы ойындардан сырт қалады. Допингке қарсы күрес агенттігінің сарапшылары Ресейдің тиым салынған дәрі-дәрмектерді қолдануға жол бергенін анықтаған еді. Осыған байланысты 2015 жылы «Русада» мекемесінің жұмысы тоқтатылды. Өйткені, бұл іске мемлекеттің де қатысы бар екенін айтылды. 2018 жылы «Русада» мекемесі лицензиясын қайтарып алды. Бірақ биыл ресейдегі допинг дауы қайта өршіді. Оған себеп Ресей спортшыларының сынамалары алынған ыдыстардың бұзылғаны белгілі болды. «Оны жауапты тұлғалар әдейі істеуі мүмкін», – дейді сарапшылар. Бүгін бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің атқарушы комитеті Швейцарияның Лозанна қаласында бас қосты. Енді олар Ресейдің таза атлеттеріне қатысты да нақты шешімдерін айтады. Халықаралық олимпиада комитеті ВАДА шешімінен кейін ғана осы дауға өз көзқарасын білдіреді.

Футбол: «Боруссия» – «Бавария»: 2:1

Биыл неміс бундеслигасында жаңа чемпионы шығуы мүмкін. Соңғы жылдары бас бәйгені ешкімге ұстатпаған «Бавария» маусым басталмай жатып, бапкер ауыстырды. Мюнхен командасы 14-турда басты бәсекелесі Менхенгладбахтың «Боруссиясына» қонаққа барып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Флик шәкірттері чемпионатта қатарынан екі ойында ұтылды. Матч «Бавария» үшін сәтті басталған еді. Алғашқы таймда «Боруссияны» әбден тықсырған қонақтар тек үзілістен кейін ғана есеп ашты. 49-минутта Иван Перишич кезекті шабуылды нәтижелі түйіндеді. «Боруссия» футболшылары 60-минутта таразы басын теңестірді. Рами Бенсебаини алғы шептегі командаластарына көмекке келіп, Нойерді қапы қалдырды. Алжир құрамасының қорғаушысы бұл ойындағы екінші голдың да авторы атанды. Менхенгладбахтың «Боруссиясы» 14 турдан кейін 31 ұпаймен топ бастады. «Бавария» 24 ұпаймен жетінші орында қалды.

Хабар 24 телеарнасы