432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екатерина Гордеева елордада жас мәнерлеп сырғанаушылармен кездесті

  • 794
  • UPD: 20:52, 13.12.2019

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы болған  Екатерина Гордеева ертең Барыс аренада өтетін «Денистің достары» мұзды шоуына қонаққа келді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Және қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушыларға MEGA Silk Way-дағы мұз айдынында шеберлік сабақтарын өткізді.

Жас мәнерлеп сырғанаушылар тәжірибе алу мақсатында үлгі тұтар атақты чемпионмен MEGA Arena мұз айдынына кездесті.

Екатерина Гордеева, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы:

– Бүгінгі шеберлік сабақтар өте жақсы өтті деп сеніммен айта аламын. Барлық қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазақстанда мәнерлеп сырғанау дамып жатқанына қуаныштымын. Бұл спорт түрін өзім қатты жақсы көремін. Өмір бойы айналысып жүрген жұмысым осы.

Mega Silk Way-дегі Mega Аренада мұз айдынында күн сайын жаттығулар өтеді, көпшілік жаппай коньки тебуде. Мұндай серуендеу балаларға да, ересектерге де ұнайды. Бірі бос уақытын тиімді өткізсе, енді бірі кәсіби спорттағы жеңіске деген алғашқы қадамдарын жасауда.

Алина Ботина, жас мәнерлеп сырғанаушы:

– Бұл спорт түрі қатты ұнайды. Күнде жаттығумен айналысамын. Менің болашақ мамандығым осы. Және де чемпион болуды армандаймын.

Чемпион болуды армандау бұл жеңіс жолындағы алғашқы қадам екенін атап өтті қонағымыз. Ендеше, балалар спорт жолында, енді оларға үздіксіз жаттығумен айналысу керек.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы