376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велокомандасы жаңа маусымдағы құрамын таныстырды

  • 385
  • UPD: 11:23, 16.12.2019
«Астана» велокомандасы жаңа маусымдағы құрамын таныстырды

Испанияның Кальп қаласында «Астана» велокомандасы жаңа маусымдағы құрамын таныстырды. Қазақстандық клуб 2020 жылы үлкен шлем жарыстарында жеңіске жетуді көздейді.

«Джиро д'Италия» Гранд-nурында lаниялық Якоб Фульсанг капитандық міндетті атқарады. Ал «Тур де Франста» команда rолумбиялық Мигель Анхел Лопестің топ жаруына жұмыс істейді. Қазақстан чемпионы Алексей Луценконың өз жоспары бар. Жерлесіміз Токио қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарында сынға түседі. Оған дейін «Фландрия туры» мен Ардения классикалық жарыстарында жеңіске жетуге ұмтылады. Луценко «Тур де франс» кезеңдерінің бірінде топ жарудан да дәмелі. «Астана» велокомандасы 2020 жылы 15 жылдығын атап өтеді. Команда сапында 28 спортшы бар. Соның тоғызы Қазақстанның азаматтары болса қалғаны Испания, Италия, Колумбия, Бельгия, Дания, Канада, Эритерия, Ресей елінің спортшылары.

«Астана» баскетболшылары ВТБ бірыңғай лигасындағы кезекті ойынын Мәскеуде жергілікті ЦСКА-мен өткізіп, 91:104 есебімен жеңіліп қалды. Ресей армияшылары алғашқы үш кезеңде басымдық танытты. «Астана» жігіттері матч соңына қарай белсенділік байқатып, ұпай саны жөнінен алға шықты. Алайда жалпы есепте ЦСКА озып кетті. «Астаналық» Джереми Хилл кездесудегі ең нәтижелі ойыншы атанды. Ол 28 ұпайды еншісіне жазды. Мәскеуліктер сапынан майк Джеймс көзге түсіп, 23 ұпаймен тоқтады. «Астана» ВТБ бірыңғай лигасында қатарынан төрт ойында жеңіліп, турнир кестесінде 11-орынға түсіп қалды. Елорда баскетболшылары келесі ойынын 23 желтоқсанда Польшада «Зелена Гура» командасымен өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы