377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионы титулынан бас тартқан «Канело» мәлімдеме жасады

  • 181
  • UPD: 10:40, 18.12.2019
Әлем чемпионы титулынан бас тартқан «Канело» мәлімдеме жасады © RingSide24

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-2-1, 36 КО) жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінен бас тартуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Vesti.kz.

Альварес  титулды кеше, 17 желтоқсанда, иеленгеніне бір жарым ай болғанда бас тартып отыр.
 
«Рингтегі жетістігім жанкүйерлерім мен елім үшін мақтан етерлік болғанын білемін. WBO ұйымымен қарым-қатынасым жақсы, олардың боксты дамытудағы еңбегін бағалаймын. Біздің келісім WBO ұйымына жартылай ауыр салмақтағы өз белбеуін ұдайы сарапқа салуға мүмкіндік береді, ал мен кез келген дивизиондағы ең мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізе аламын», - деп жазды Алварестің сөзін Golden Boy Promotions баспасөз қызметі. 
Хабар 24 телеарнасы