380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 шахматшының қатарына енді

  • 430
Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 шахматшының қатарына енді Prosports.kz

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелдің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізім 2700chess.com онлайн рейтингі нәтижесінде анықталды. Сәдуақасова шахматтан он екінші әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костениюк және блиц бойынша әлем чемпионы, грузин елінің тумасы Нана Дзагнидзені артта қалдырды. 

Еске салайық, жиырма үш жастағы Динара Сәдуақасова - Қазақстан әйелдер командасының жетекшісі. Елордалық шахматшы сонымен қатар 2019 жылы Азия чемпионы, беделді Grand Swiss жеңімпазы, сонымен қатар 2500 ELO белгісінен өткен алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.

Хабар 24 телеарнасы