411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз муайтайдан әлем чемпионатында 14 алтын медаль жеңіп алды

  • 674
  • UPD: 15:04, 25.12.2019

14 алтын, 5 күміс және 8 қола. Муайтайдан әлем чемпионатына аттанған жерлестеріміз осындай жүлдемен оралды.

Биылғы байрақты бәсеке Абу-Даби қаласында өткен болатын. 30-дан аса елдің спортшылары жиналған жарыста ұлттық құрама жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады. Осыған байланысты «Нұр-Отан» партиясының елордадағы филиалы чемпиондарға ерекше құрмет көрсетіп, ақшалай сыйлық табыстады. Атап айтқанда, жергілікті  Ерқанат Оспан, Алмаз Сәрсенбеков және Владимир Колесниковтар өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмей, ел намысын абыроймен қорғаған еді. Бұған қоса салтанатты шара аясында спорт саласындағы бірқатар маманға партиялық билет берілді.

Мақсат Аманғазыұлы, Nur Otan партиясы есіл ауданы филиалы бастауыш ұйымының төрағасы:

- Бұл үлкен жетістік болып есептеледі. Қазақстан құрамасының сапында елордамыздың 3 спортшысы өнер көрсетіп, 3 алтын медальді иеленді. Осы спортшыларды құрметтеп, қалалық «Нұр-Отан» партиясы атынан марапаттап, құрмет көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы