426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» «Йокериттен» басым түсті

  • 460
  • UPD: 12:20, 22.01.2020
«Барыс» «Йокериттен» басым түсті sports.kz

Аздаған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасы жалғасты. «Барыс» кезекті жарыс күнін Финляндияда өткізіп, Хельсинкинің «Йокеритінен» басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есеп: 5:1. Матчтың төртінші минутында Корбэн Найт есеп ашты. Сосын айдын иелері таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Никита Михайлис «Барысты» алға жетеледі. Елордалықтар үшінші кезеңде де қарқындарын үдете түсті. Аркадий Шестаков пен Линусь Виделль және Дастин Бойд мергендік танытып, «Йокериттің» мысын басты. Қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен «Барыс» ертең Петербургтың СКА командасына қонаққа барады. Андрей Скабелка шәкірттері Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы