429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу жарысына қатысады

  • 456
  • UPD: 09:44, 29.01.2020
Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу жарысына қатысады KAZFOOTBALL.KZ

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының кезекті жарыс күні «Автомобилистке» қонаққа барып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 16-минутында Корбэн Найт есеп ашты. Екатеринбург хоккейшілері екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Айдын иелерінің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Никита Михайлис пен Линус Виделль белсеніп, «Автомобилист» қақпасынан саңлау тапты. Соңғы кезеңде айдын иелері арадағы есеп айырмасын қысқартып, кездесуді қыздыра түсті. Ойынның аяқталуына 19 секунд қалғанда Дастин Бойд бос қақпаны дәл көздеп, матчқа нүкте қойды. Енді «Барыс» алдағы екі кездесуді елордада өткізеді. 30 қаңтарда Андрей Скабелка шәкірттері «Нефтехимикті» қабылдайды.

Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу жарысына қатысады

Футзалдан Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне қатысады. Бас бапкер Рикардо Кака бастаған ұлтық құрама елордада соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Кезекті оқу-жаттығу жиыны 31қаңтарға дейін созылады. Сосын команда Чехияның Брно қаласына аттанады. Элиталық іріктеу кезеңінде алаң иелерінен бөлек, Румыния мен Словения бар. Қазақстан алғашқы ойынын 2 ақпанда Румыниямен өткізеді. Сосын Словения және Чехия күтіп тұр. Төрт құрама арасында жеңіске жеткен команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Нұрсұлтан Пиялы, футзалдан Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Қазақстан құрамасы қарсыластарға қарағанда өте жоғары деңгейде. Біздің басты қарсыласымыз, менің ойымша, Румыния елі. Біз олармен топта ойнаған кезде олар бізге жақсы қарсылас болды. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Australian open: Кукушкин мен Бублик жартылай финалға шықты

Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Бұрын-соңды Қазақстандық теннисшілер үлкен шлем жарысында үздік төрттіктің қатарына енген емес. Жерлестеріміз ширек финалда Австралиялық Джеймс Дакворд пен Марк Полманс жұбынан басым түсті. Корт иелері матчты жақсы бастаған еді. Қазақстан теннисшілері бірінші сетте 1:5 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп: 7:6, 7:5.

 

Хабар 24 телеарнасы