418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресі мектептерде пән ретінде енгізілуі мүмкін

  • 556
  • UPD: 15:44, 05.02.2020

Ұлттық спорт түрі – қазақ күресі биыл республика мектептеріне пән ретінде енгізіледі.

Қуанышты жаңалықпен Ақтауда өткен баспасөз мәcлихатында қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов бөлісті. Пилоттық жоба қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында жүзеге асырыла бастайды. Ұстаздар құрамын толықтыру үшін жыл соңына дейін елімізде қазақ күресі академиясы құрылуы тиіс. Жоспарға сәйкес ұлттық спорт түрі 5-11 сыныптарда арнайы пән ретінде өткізіледі.

Айта кетейік, қазір Ақтауда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр. Екі күндік жарыс аясында 600-дей жасөспірім он салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңда белдеседі.

Бақдәулет Сәбитов, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы:

– Биылғы ең негізгі жаңалықтардың бірі – қыркүйек айының қазақ күресін мектеп бағдарламасына варитивті сабақ ретінде енгізу. Маңғыстау облысының Қазақ күресі федерациясының президенті сол пилоттық вариантты Маңғыстаудан да бастап кету жөнінде ұсыныстар айтқан болатын. Ол ұсыныс, әрине, құптарлық. Ол үшін мамандар дайындауға да бізде біршама уақыт бар. 40 минуттан тұратын жүз сабақ қазіргі таңда жазылды. Енді олар тиісінше мемлекеттік органдарда бекітілу жолында жалғасын тауып жатыр. Алдағы 5-6 жылда біз вариативті сабақ ретінде өткізе тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы