427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илья Ильин Ташкенттегі халықаралық бірлік чемпионатына қатысады

  • 521
  • UPD: 10:52, 07.02.2020
Илья Ильин Ташкенттегі халықаралық бірлік чемпионатына қатысады

8 ақпан күні ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған додаға қатысатын Қазақстан құрамасы қазіргі таңда Шымкент қаласында дайындықтарын пысықтап жатыр.

Өзбекстан астанасы Ташкентте ел сапынан 4 спортшы шығады. Олар: Игорь Сон (61 кг), Илья Ильин (102 кг), Ибрагим Берсанов (109 кг) және Раушан Мешітханова (81 кг). 

Турнир 12 ақпанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы