432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Леброн Джеймс Коби Брайанттың 19 жыл бұрынғы данкын қайталады

  • 450
  • UPD: 20:17, 08.02.2020
Леброн Джеймс Коби Брайанттың 19 жыл бұрынғы данкын қайталады vesti.kz

«Лос-Анджелес Лейкерс» форварды Леброн Джеймс «Хьюстонға» қарсы матчынан (111:121) видео жариялады. Онда баскетболшы 19 жыл бұрынғы Коби Брайанттың данкын қайталаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қош келдің, бауырым. Аңыз адамдар ешқашан өлмейді», - деп жазған Джеймс Instagram-да.

Еске салайық, Коби Брайант 26 қаңтарда 13 жастағы қызымен бірге әуе апатынан қаза тапты.

Ұлттық баскетбол қауымдастығының бес дүркін чемпионымен қоштасу рәсімі 24 ақпанда өтеді. Бұл күн символдық мәнге ие: Брайант карьерасында 24-нөмірде өнер көрсеткен, ал оның қызы Джанна 2-нөмірінде жасөспірімдер командалары үшін ойнаған.

Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған, ол ҰБҚ-да 20 маусым бойы «Лос-Анджелес Лейкерс» үшін ойнаған, бес рет чемпион атанған, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан, тұрақты чемпионаттың және екі рет плей-офф финалдық сериясының ең құнды ойыншысы атанған. АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы