420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда дзюдодан ел чемпионаты мәресіне жетті

  • 600
Қостанайда дзюдодан ел чемпионаты мәресіне жетті

Қостанайда жасөспірімдер және қыздар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Байрақты бәсекеде 700-ге жуық жас балуан бақ сынады. Үш күнге созылған тартыста медаль саны бойынша Жамбыл облысы топ жарды. Одан кейінгі орында Алматы облысының жас дзюдо шеберлері. Ал татами иелері, қостанайлықтар 5 медальмен үздік үштікті түйіндеді. Сөйтіп өз салмақ дәрежесінде жеңіске жеткендер ұлттық құрама сапына іріктелді. Олар алдағы Азия және әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Жандос Қонысбаев, дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:

– Қостанай өңірінде бұған дейін Қазақстан чемпионаты өтпеген. Белгілі бір себептерге байланысты. Ол ең бірінші, инфрақұрылым, спорт залы болған жоқ өткізетін. Дәл қазір керемет зал соққан. Сол залда тұңғыш рет Қазақстан чемпионатын өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы