431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербургтегі турнирде финалға шықты

  • 143
  • UPD: 22:47, 15.02.2020
Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербургтегі турнирде финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Рыбакина жартылай финалда әлемнің 21-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездесті. Бірінші партияда грекиялық спортшы 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена қарымта қайырды - 7:5.

Үшінші шешуші сәтте қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ - 6:1. Бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 8-ракеткасы, нидерландтық Кики Бертенс немесе рейтингте 28-сатыда тұрған ресейлік Екатерина Александрованың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Е.Рыбакина қазақстандық қыздар арасында алғаш рет үздік 20 теннисшінің қатарына кіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Санкт-Петербург жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы