427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елена Рыбакина Дубай турнирінің жартылай финалына шықты

  • 421
  • UPD: 12:34, 21.02.2020
Елена Рыбакина Дубай турнирінің жартылай финалына шықты sports.kz

Күрес түрлерінен Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында балуан қыздар кілемге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының бұрымдылары төрт қола медаль ұтып алды. Валентина Исламова, Марина Зуева, Мадина Бақбергенова және Эльмира Сыздықова құрлық біріншілігін үшінші ортынмен аяқтады.

Елена Рыбакина Дубай турнирінің ширек финалында әлемнің үшінші ракеткасы Каролина Плишковадан басым түсті. Алғашқы партия тай-брейкке дейін созылып, 7:6 есебімен Қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Рыбакина екінші сетте да жақсы ойын көрсетіп, атақты қарсыласының осал тұсын тапты. Қорытынды есеп: 6:3. Елена алғаш рет үздік бестіктегі теннисшіден айласын асырды. Бүгін еліміздің бірінші ракеткасы жартылай финалда хорватиялық Петра Мартичпен кортқа шығады. Елена Рыбакина биыл Халықаралық теннис федерациясы аясындағы жарыстарда қатарынан төртінші мәрте жартылай финалға өтті.

 

Александр Бублик ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер үшін осы апта сәтті басталды. Рыбакина секілді Александр Бублик те жүлдеге жақындай түсті. Ол Францияның Марсель қаласындағы ашық біріншіліктің ширек финалына шықты. Оупен 13 турнирінде жерлесіміз әлемнің 20-ракеткасы француз Бенуа Пэрдан басым түсті. Қорытынды есеп: 3:6, 6:4, 6:4. Ойын бір сағат 37 минутқа созылды. Бүгін Бублик жартылай финал жолдамасын Денис Шаповаловпен сарапқа салады. Канадалық теннисші хорват жігіті Марин Чиличтен басым түскенін айта кетейік.  

 

Роджер Федерер «Ролан Гаррос» турниріне қатыспайды

Әлемнің үшінші ракеткасы Роджер Федерер «Ролан Гаррос» турниріне қатыспайды. Швейцариялық теннисші оң тізесіндегі жарақатын емдету үшін операция жасатты. Енді ол толықтай оңалу үшін құмды корттағы жарыстарға шықпайды. Бұл жайында спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Федерер Франция ашық чемпионатынан бөлек, Дубай, Индиан-Уэлльс, Богате және Майами турнирлерінен бас тартты. Роджер грунтты корттағы сайыстардан сырт қалғандықтан әлемдік рейтингтегі үш мың ұпайынан айырылады. Швейцариялық теннисші 38 жасқа келсе де үздік үштіктен төмендеген жоқ. Ол үлкен шлем жарыстарында 20 мәрте жеңіске жеткен жалғыз теннисші. 

 

Кәсіпқой бокс: Уайлдер Фьюри жекпе-жегі

Жексенбінің таңында кәсіпқой бокс әлеміндегі айтулы жекпе-жектердің бірі өтеді. Аса ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпионы Деонтей Уайлдер британиялық Тайсон Фьюримен қарымта кездесуге шығады. Екі алып арасындағы алғашқы сайыс 2018 жылдың аяғында өтіп, тең аяқталған еді. Енді екінші жекпе-жек кімнің күшті екенін шешуі тиіс. Боксшылар қарымта сынға тыңғылықты дайындықпен келген секілді. Тіпті жекпе-жек алдындағы көз арбасуда бір-бірімен ерегесіп, төбелесе жаздады. Шаршы алаңда әпенді қылығымен танымал Фьюри Уайлдерді сұлатап салатынын мәлімдесе, Америкалық боксшы да қарап қалмады. Лас-Вегас қаласындағы айтулы бокс кешін жанкүйерлер «Хабар» арнасынан жексенбі күні таңғы 09:00-де көре алады.

Хабар 24 телеарнасы