422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уайлдер мен Фьюри қарымта жекпе-жектен қанша табыс табатыны айтылды

  • 263
  • UPD: 17:12, 21.02.2020
Уайлдер мен Фьюри қарымта жекпе-жектен қанша табыс табатыны айтылды RingSide24

Супер ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (43-0-1, 41 КО) мен британиялық Тайсон Фьюридің (29-0-1, 20 КО) Лас-Вегастағы титулды жекпе-жегі үшін сыйақылары кемі бес миллион доллардан болады, деп хабарлайды vesti.kz порталы ESPN журналына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша әр боксшы кепілді түрде тағы 25 миллион доллардан алады, сонымен қоса оларға ақылы трансляция сатылымынан да үлес бөлінеді. 

Уайлдер – Фьюри жекпе-жегі 22 ақпан күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді. 2018 жылы Лос-Анджелесте өткен бірінші жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы