420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың 30%-і ғана спортпен айналысады

  • 443
  • UPD: 17:06, 24.02.2020
Қазақстандықтардың 30%-і ғана спортпен айналысады

Еліміздегі бұқаралық спорттың жағдайы көңіл көншітерлік емес.

Бұл туралы Мәжіліс депуттары осы тақырыпқа арналған Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, мектеп бағдарламасына дене шынықтырудың үшінші сағатын енгізуге білім мекемелері әзірге дайын емес. Жалпы Қазақстандағы 1970 мектепте спорт залы жоқ. Дене шынықтыру пәнін ұйымдастыруға ел қазынасынан жыл сайын 17 миллиард теңге бөлінгенімен, оның тиімділігі аз болып тұр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ауылдағы сауықтыру кешендерінің желісі тұрғындардың 30%-інің ғана көңілінен шығады. Бұл жағдай жастарға арналған спорт клубтарын құрмақ түгілі, дене шынықтыру бойынша міндетті сабақтарды толық өткізуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ министр елдегі мектептердің үштен бір бөлігіне спорт жабдықтарының жетіспейтінін атап өтті. Жалпы бүгінгі таңда халықтың тек 30%-і ғана дене шынықтырумен шұғылданады. Мәжіліс депутаттарының пікірінше, бұл көрсеткішті арттыру үшін инфрақұрылымды ретке келтіре отырып, халық арасында тиісті насихат жұмысын жүргізу қажет.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біз үшін, яғни спорт саласына жауапты орган үшін бұқаралық спортты дамытудың маңызы зор. Қазір алдымызға дене шынықтыру бойынша тапсырмалар қойылып отыр. Бұл халықтың денсаулығы үшін басты мәселе саналады. Қазіргі таңда Мәжілісте бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары қаралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы