443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары өтпейді

  • 119
  • UPD: 18:38, 13.03.2020
УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары өтпейді

Алдағы аптада Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары өтпейді. Коронавирус індетінің құрлықта кең тарауына байланысты Еуропа футбол қауымдастығы осындай шешім шығарды.

УЕФА аясындағы барлық турнир кейінге шегерілді. Яғни «Манчестер Сити» - «Реал» және «Ювентус» пен «Лион» арасындағы матчтар белгіленген уақытында өтпейді. Сонымен қатар Еуропа лигасының 1/8 финалдағы барлық қарымта кездесулері де тоқтатылды. Жасөспірімдер арасындағы жарыстар да болмайды. Бұл ойындардың қашан өтетіні алдағы уақытта анықталады. Осы жағдайға байланысты ширек финалдық кездесулердің де уақыты өзгереді. Енді Еуропа футбол қауымдастығы 55 елдің өкілдерін видеоконференцияға шақырып, қолайсыз жағдайды талқыға салады.

17 наурызда өтетін жиында Еуро-2020 чемпионатының тағдыры да сөз болады. Қазір Еуропаның бірнеше елінде футбол біріншіліктері тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы