411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Қазақстан премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды

  • 250
  • UPD: 16:41, 16.03.2020
Футболдан Қазақстан премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарысты тоқтатылатыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, бірінші лиганың және екінші лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды. Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы