435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WKF каратеден Олимпиада жолдамасы иегерлерінің тізімін жариялады

  • 139
WKF каратеден Олимпиада жолдамасы иегерлерінің тізімін жариялады olympic.kz

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған алғашқы каратешілер есімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус індетіне байланысты бірнеше іріктеу кезеңінің финалдары тоқтатылды. Жолдамалар олимпиадалық іріктеудің бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша үлестірілді. Нәтижесінде рейтингте тиісті ұпай жинап көш бастаған 4 спортшыдан әр санат бойынша жалпы саны 32 жолдамаға иелік етті. Сондай-ақ WKF Олимпиада қожайыны саналатын өткізуші мемлекет Жапониядан кімдер қатысатынын да мәлімдеді. 

Ката (ерлер) – Маттиа Бусато (Италия), Антонио Диас (Венесуэла), Дамиан Кинтеро (Испания) және Али Софуоглу (Түркия).

Ката (әйелдер) – Вивиана Боттаро (Италия), Сакура Кокомай (АҚШ), Мо Шенг Грейс Лау (Гонконг), Сандра Санчес (Испания).

Кумитэ (ерлер): 67 кг – Дархан Асаділов (Қазақстан), Анджело Креченцо (Италия), Стивен Дакоста (Франция), Винисиус Фигейра (Бразилия). 75 кг – Рафаэль Агаев (Әзербайжан), Бахман Асгари Гончех (Иран), Луиджи Буса (Италия), Станислав Горуна (Украина). - 61 кг – Мерве Кобан (Түркия), Гиана Лотфи (Египт), Йована Прекович (Сербия), Сяоянь Инь (Қытай). +75 кг – Угур Актас (Түркия), Саджад Гянджзаде (Иран), Джонатан Хорн (Германия), Иван Квесич (Хорватия). 

Кумитэ (әйелдер) 55 келіге дейін – Сара Бахманьяр (Иран), Серап Озчелик Арапоглу (Түркия), Анжелика Терлиуга (Украина) мен Цзы-Юнь Вэнь (Тайбэй). +61 кг – Хамиде Аббасали (Иран), Мелтем Хочаулу (Түркия), Елена Квиричи (Швейцария), Ирина Зарецкая (Әзербайжан).

Өткізуші мемлекет ретінде Олимпиада жолдамасына иелік еткен жапониялық спортшылар тізімі: Рё Кийуна (ерлер, ката), Кийоу Симидзу (әйелдер, ката), Наото Саго (кумитэ, ерлер –67 кг), Михо Мияхара (кумитэ, әйелдер -55 кг), Кен Нисимура (кумитэ, ерлер -75 кг), Маюми Сомея (кумитэ, ерлер -61 кг), Рютаро Арага (кмитэ, ерлер +75 кг), Аюми Уекуса (кумитэ әйелдер +61 кг).

Хабар 24 телеарнасы