435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың қатарына енді

  • 136
  • UPD: 16:22, 20.03.2020
«Барыс» Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың қатарына енді olympic.kz

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың тізімі белгілі болды.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық «Барыс» екінші жыл қатарынан ойынын көруге ең көп жанкүйер жиналатын Еуропадағы отыз клубтың қатарына еніп отыр. 2019-2020 жылдардағы «Барыстың» матчтарына орта есеппен 6816 көрермен келді (өткен жылы бұл көрсеткіш 6448 көрермен болған). Бұл көрсеткіш бойынша «Барыс» отыз клубтың ішінде 24-орынға жайғасқан.

Айта кетерлігі, былтырғымен салыстырғанда клуб биыл 5 позицияға жоғарылаған. Бұл тізімге «Барыстан» бөлек ҚХЛ-да бақ сынайтын 7 команда енді. Олар: СКА, «Динамо Мн», «Спартак», «Йокерит», ЦСКА, «Ак Барс» және «Локомотив».

Швейцариялық «Берн» клубы 19 жыл бойы қатарынан аталған рейтингте көш бастап тұр. Швейцария астанасының намысын қорғайтын бұл команданың әр кездесуіне орташа есеппен 16 237 жанкүйер келеді.

Хабар 24 телеарнасы