411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: спорт әлемінде көз жұмғандар кімдер

  • 154
  • UPD: 09:25, 03.04.2020
Коронавирус: спорт әлемінде көз жұмғандар кімдер globallookpress.com

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 млн адамнан асты. Дерттен 50 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Соның ішінде спорт әлеміне қатысы бар 12 адам көз жұмды, деп жазды Prosports.kz.

28 ақпан күні ең алғашқы болып ирандық футболшы қыз Ильхам Шейхи бақилыққа аттанған. Ол небәрі 23 жаста еді

Араға он жеті күн салып, Иран және испаниялық екі футбол бапкері, ал ертеңіне «Фламенго» клубының қызметшісі Мариу Вериссиму ажал құшты.

20 наурызда екі испаниялық спорт журналисі өмірден озды.

21 наурызда «Реалдың» бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

23 наурызда «Эспаньол» клубының бұрынғы қақпашысы, бапкері болған 84 жастағы Бенито Хоанеганың өліміне коронавирус себепші болды.

Үш күннен кейін италиялық бұрынғы велошабандоз Данило Бароцци және «Витесс» командасының экс-президенті Кес Баккер фәниден өтті.

Жақында ғана «Марсель» клубының бұрынғы басшысы 69 жастағы Папе Диуф және Сент Джонс университетінің бұрынғы баскетболшысы Ли Грин 49 жасында коронавирус салдарынан о дүниеге аттанды.

Хабар 24 телеарнасы