433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн турнирі өтеді

  • 538
  • UPD: 10:28, 08.04.2020
Шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн турнирі өтеді

11 сəуірде Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы мен Киберспорт федерациясы бірлесіп, блиц-шахматтан «UIDE BOL CUP 2020» республикалық онлайн турнирін өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бəсеке барлық шахмат сүйер қауымға карантин кезінде уақытты қызықты өткізіп қоймай, жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге жолында күш сынауға тамаша мүмкіндік. Блиц-дода chess.com шахмат платформасында өтеді.

Тіркеу 10 сəуірге дейін PINGER.PRO порталында жалғасады. Ал жарыс 11 сəуір Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Бүгінге дейін 1 330 адам онлайн-бəсекеге қатысуға ниет білдірген.

Ойын швейцариялық жүйемен өтеді. Əр қатысушыға партия аяқталғанға дейін 3 минут уақыт беріледі.

Хабар 24 телеарнасы