431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасатын уақыт аталды

  • 403
  • UPD: 10:23, 30.04.2020
Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасатын уақыт аталды Sputnik Казахстан

Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты маусымда қайта жалғасады.

Клуб жетекшілерімен видеоконференция кезінде Кәсіпқой футбол лигасы осындай шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның өзінде елімізде эпидемиялық жағдай дұрысталса ғана. Ал бастапқыда матчтар көрерменсіз өтеді.

«Төтенше жағдайды қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік комиссия оңды шешім шығарып, ТЖ-ға қарсы аймақтық жедел штабтармен де кеңесе отырып, футбол клубтары ашық алаңда жаттыға бастайды деп жоспарлануда», – деп мәлімдеді КФЛ өкілдері.

Турнир қарашада аяқталуы үшін кездесулер саны азайтылады. Тек үшінші айналым болмайды. Кездесу өткізу кестесі бұрынғыдай. Сонымен қатар маусымда бірінші лига командалары арасындағы чемпионат та жалғасуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы