426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ Мбаппемен жаңа келісімшарт жасасады

  • 373
  • UPD: 14:29, 06.05.2020
ПСЖ Мбаппемен жаңа келісімшарт жасасады prosports.kz

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе клубпен жаңа келісімшарт жасасуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін шетелдік басылымдар француз футболшысының клубпен келісімшарт мерзімін ұзартпай, «Реал Мадридке» ауысу мүмкіндігінің жоғары екенін хабарлаған.

Алайда соңғы жаңалықтарға сенсек, франциялық футболшы мансабын өз елінің командасында жалғастыруы мүмкін. Бірақ жаңа келісімшартта «Реалдан» тиімді ұсыныс түссе, команда ауыстыруға мүмкіндік беретін қосымша шарт көрсетіледі.

Айта кетейік, Мбаппенің қазіргі клубымен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды.

Хабар 24 телеарнасы