423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» капитаны ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді

  • 505
  • UPD: 17:26, 31.05.2020
«Барыс» капитаны ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді vesti.kz

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц ресейлік «Спорт-Экспресс» құрған Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең жоғары ақы төленетін ойыншылардың рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Барыс» капитаны бір маусым үшін 75 миллион рубль (1,06 миллион доллар немесе 440,37 миллион теңгеден астам) табады. Оның келісім-шарты 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін созылады. Спортшы рейтингте «Барыс» клубынан жалғыз адам. Тізімде 71 хоккейші бар.

ҚХЛ-дің ең жоғары төленетін ойыншысы – мәскеулік «Динамо» форварды Вадим Шипачев атанды – 120 миллион рубль (1,71 миллион доллар). Екінші орынды Чехия клубының ойыншысы Дмитрий Яшкин алды – 95 миллион рубль (1,35 миллион доллар). Үшінші орынды «Авангард» швейцариялық форвард Свен Андригетто, «Салавата Юлаев» фин шабуылшысы Теему Хартикайнен және чехиялық «Автомобилист» қақпашысы Ян Коварж иеленді – 90 миллион рубль (1,28 миллион доллар).

Хабар 24 телеарнасы