Бүгін әйелдер күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – қазақстандық бұрымдылардың карантиннен кейінгі алғашқы дайындығы. Елордаға 30 спортшы келді. «Барлығы да коронавирусқа тест тапсырады. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Алғашқы аптада ашық аспан астында дайындаламыз», – деді күрес федерациясы президентінің орынбасары Гүзел Манюрова. Оқу-жаттығу жиыны 2 аптаға жоспарланған. Дәл осылай грек-рим және еркін күрес шеберлері де дайындықты пысықтауға кірісті. Әсет Серікбаев баптайтын еркін күрес шеберлері Ақмола облысының Щучинск қаласында, ал Бақтияр Байсейітов жаттықтыратын классиктер Алматыдағы Ақбұлақ олимпиадалық орталығында дайындалады.