425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада күні: отандық жанкүйерлерді қандай іс-шаралар күтіп тұр?

  • 370
  • UPD: 14:11, 17.06.2020
Олимпиада күні: отандық жанкүйерлерді қандай іс-шаралар күтіп тұр? olympic.kz

23 маусым – Халықаралық олимпиада күні.

Айтулы мерекені қазақстандықтар 27-рет атап өткелі отыр. Атаулы дата қарсаңында Ұлттық олимпиадалық комитет #TEAMKZ мүшелерімен бірлесе отырып, қызықты іс-шаралар өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz.

 Атап айтар болсақ, 17 маусым күні Рио ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Василий Левит YouTube желісі арқылы өзінің Олимпиададағы естелігімен бөліседі. 

18 маусым күні жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин олимп тұғырына апарған жолға шолу жасап, жас жанкүйерлермен әңгіме-дүкен құрады. 

19 маусым күні фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова мен Паралимпиада ойындарының чемпионы Зулфия Губайдуллина жастармен тілдеседі. 

Ең негізгі шара 21 маусымға жоспарланған. Дәл осы күні еліміздің беткеұстар спортшылары интерактивті олимпиадалық марафон өткізеді.  Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында сурет байқауы ұйымдастырылады. Байқаудың басты мақсаты – олимпиадалық және өмірлік құндылықтарды дәріптеу. 

Індетке байланысты барлық іс-шаралар онлайн форматта өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы